Қазақстандықтар партизандық ерліктері
[ скачать ]
Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері1941 жылы 22 маусымда фашистік Германияның әскерлері Кеңестер Одағына басып кірді. Төрт жылға созылған Ұлы Отан соғысы Кеңес Одағы үшін бұрын-соңды бастан кешкен барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыры болды. Соғыс елді біртұтас жауынгерлік лагерьге айналдыруды, бүкіл экономика мен кеңес халқының күш-жігерін майдан мүддесіне, жауды жеңу мақсатына жұмылдыруды талап етті. Қазақстан еңбекшілері бұл міндетті толығымен қолдады. Сөйтіп, халық азаттық соғысына бір кісідей көтерілді. Ұлы Отан соғысы басталған алғышқы күндері өткен жиындарда олар Отан алдындағы парызын орындауға әзір екендіктерін білдірді. Қызыл Армияның қатарына өз еріктерімен баратындықтары туралы қалалық және аудандық әскери комиссариаттарға мыңдаған арыздар түсіп жатты. Жас жігіттер мен қыздар, аға буын өкілдері қолдарына қару алып, майданға аттануға тілек білдірді.
Соғыстың алғашқы күндерінде-ақ Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы жасақталды. Оның командирі болып азамат соғысына қатысушы генерал И. В. Панфилов тағайындалды. Соғыстың бастапқы үш айының ішінде Қазақстанда 238, 310, 314, 387 жәғіе 391-атқыштар дивизиялары құрылды. 1941 жылдыц аяғына дейін мұнда тағы бір дивизия, үш бригада жасақталды. Соғыс кезінде небары республикада 12 атқыштар, 4 атты әскер дивизиясы, жиырмадан аса атқыштар және атты әскер бригадалары, әуе күштерінің, зеңбірекшілерінің полктері, әр түрлі соғыс саласының ондаған батальондары құрылды. Республика адам күштерімен тек қазақстандық құрамалар мен бөлімшелердің ғана емес, сондай-ақ Қазақстаннан тыс жердегі басқа да құрамалар мен болімдерді толықтырып отырды. Қарулы күштер мен еңбек армиясының қатарына барлығы 1,8 млн. қазақстандықтар қатысты.