Қазақстандағы Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалыс
[ скачать ]
Кенесары басқарган ұлт-азаттық қозгалысьның басталу себептері және барысыXIX ғасырдың 30-шы жылдарында патша өкіметі Қазақстанда отарлау саясатын онан ары өрістетіп, қазақ халқының саяси дербестігін біржола жоюға бағытталған шараларды кеңінен жүргізе бастады. Әбілқайыр, Абылай хандармен жасасқан шарттардағы Қазақстан жеріне кірмеу, солдат алмау, тек салық төлеу жөніндегі міндеттемелер аяқ асты етілді. Қазақ жерінде әскери шептер, бекіністер салынып, шұрайлы жерлерге патша өкіметінің қол шоқпары болып келген казак-орыстарды қоныстандыру шаралары жұр-гізілді. Ресейдің қазақ жеріндегі әкімшілігі өзен-көлдерді, құнарлы жерлерді, орман-тоғайды өз қармағына алды, ал оны пайдаланған казақтарға салық салынатын болды.
Әкімшілік басқару жүйесін қайта құру барысында қазақ жерлері округтерге бөлінді. Бұл округтер Батыс-Сібір және Орынбор генерал-губернаторлығына қарады. Олар қазақ жерінде "бөліп ал да билей бер" деген отаршылдық қағиданы бұлжытпай іске асырды. Алдымен қазақ жерін сырты-нан құрсаулап коптеген бекіністер салынды. Іргелеп ішке кіріп айнала қоршау-құрсау орнатқан Ресей отаршылдары Абылай көз жұмғаннан кейін Қазақстанның ең бір шұрайлы жерлеріне бекіністер салуға кірісті. Сөйтіп, Ырғыз, Торғай, Ақмола, Көкшетау, Ортау, Қарқаралы бекіністері бой көтерді.
Қазақ жеріне кеулеп еніп келе жатқан патша өкіметінің отаршылдық саясатьша ашық қарсы шыққан Абылай ханның баласы Қасым болды. Ол патша өкімшілігіне хат жазып, кісі жіберіп, оларды түсінісуге, потуаға шақырды. Қазақтың ежелті қоныстарына бекіністер салуды, қазақ жерлеріне казак-орыстарды әкелуді, олар аркылы халыққа қысым көрсетуді тоқтатуын талап етті. Оның бұл хаттарына жауап болмады, жібергеп адамдары