Амангелді Иманов
[ скачать ]
ИМАНОВ Амангелді (1873-1919) - 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс басшыларының бірі және 1917-1919 жылдары Кеңес өкіметін орнату жолын-дағы күреске белсене қатысушы. 1916 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейін ұлт-азаттық қозғалысты басқарды. 1916 жылы Қазакстанның Торғай және баска уездерінде патша өкіметіне қарсы көтерілісті бастап, Торғай, Қостанай, Актөбе мен Ырғыз уездеріндегі халық жасағының елеулі бөлігін біріктірді. Қазан төңкерісіне дейінгі уакытта жазалаушы отрядтармен шайкастар жүргізді.1917 жылдың қазанынан 1918 жылдың қантарына дейін Торғай облысында Кенес өкіметін орнатуға белсене қатысты. Торғай уездінің әскери комиссары болды.
Сарбаздарымен бірге Орынборды дутовшылардан азат етуге қатысты. Торғай даласындағы партизандық қозғалысты, ұлттық әскери бөлімдерді ұйымдастырушылардың бірі. 1918 жылдың желтоқсан айында Торғайда Кеңес өкіметін қалпына келтіруге белсене араласты. Қызыл Армия бөлімдерін құрды. 1919 жылы сәуір айында тұтқындалып, аласапыран уакыт саясатының кұрбаны болды.