Пәнді оқытуда жаңа педагогикалық
[ скачать ]
ЖОСПАР:
1. Сабақ, оқытуды ұйымдастырудың түрі ретінде 3
2. Сабақты құрылымы мен типіне жаңаша көқарас. 3
3. Интерактивтік оқыту 4
4. Интерактивтік оқыту технологиясы 5
5. Интерактивтік оқыту концепциясы мен технологиясы 8
6. Қорытынды 10
7. Әдебиеттер 11
Сабақ - оқытуды ұйымдастырудың бір формасы.
Оқыту формасы адамзат қоғамының дамуымен бірге қалыптасты. Оқыту процесінің ең ертеде қалыптасқан түрі жеке оқыту болды. Келесі кезең жеке-топтық оқыту әдіс болды. ХVІІ ғасырдың басына қарай бұл оқыту формалары қоғам қажеттілігін өтей алмай қалды. Осы кезеңнен бастап алғашқы топтық оқыту әдіс қолданылып, ол қазіргі кездегі сыныптық-сабақ жүйесінің негізі болды. Сыныптық-сабақтық жүйенің авторы ретінде Я. А. Каменскийді атайды.
Оқытуды ұйымдастырудың бұл түрінің сипаттамалары мынандай:
- оқудың негізгі бірлігі сабақ;
- оқушылар жастары бойынша сыныптарға бөлінеді;
- мектептегі оқыту кезеңі;
- сабаққа қатысу бәріне міндетті;
- сабақ кестесі, үзіліс, каникул кезеңдері жыл бойын қамтиды;
- сыныптағы барлық оқушылардың жұмыстары бір тақырып және бәріне ортақ бір жоспар бойынша жүзеге асырылады;
- оқыту барысын мұғалім басқарады.
Сабақтың құрылымы мен типтерге бөлудің қазіргі заманғы ұлгісі.
Сабақ – мғалімнің шығармашылығы. Тіпті бірыңғай технлологияны қолданатын, бір тақырыпқа арналған сабақ әр ұстазда түрліще болып шығады. Кез-келген сабақтың анық мақсаты болу керек. Сондықтан қазіргі заманғы дидактикада сабақ типтерін былай класификациялайды.
- жаңа сабақ өту;
- дағды мен біліктілігін қалыптастыру және дамыту;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бекіту мен пайдалану;
- оқыту және білімді жүйелеу;
- білімін, біліктілігін, дағдысын бақылау және коррекциялау;
- кіріктірілген сабақ.
Мұғалім алдымен сабақта не істейтінін жоспарлайды, содан соң калай және қандай әдіспен жүзеге асыратынын анықтайды. Сабақтың құрылымы мақсат пен мазмұн арқылы анықталады, кездейсоқ таңдалуы мүмкін емес.