Мектеп оқушыларын еңбекке тәрбмелеу
[ скачать ]
М А З М Ұ Н Ы
Кіріспе
Тарау І. Мектеп оқушыларының еңбек ету әрекеттерін психологиялық тұрғыдан қалыптастыру.
І.1. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеудің психологиялық
тұрғыдан теориялық алғы шарттары.
І.2. Ересек адамдар мен балалардың психологиялық
ерекшеліктері
І.3. Оқушыларды еңбекке тәрбиелеуді психологиялық
жағынан қалыптастыру және оның әдістері
Тарау ІІ. Оқушылардың еңбекке тәрбиелеуде психологиялық сапасын арттыру.
ІІ. 1.Оқушылардың психологиялық сапасын қалыптастырып, дамытудағы ұжым мен қоршаған ортаның ролі
ІІ. 2.Жасөспірімдерді мамандық таңдауға даярлаудағы тәрбие жұмысының психологиялық ерекшелігі
ІІ. 3. Психологиялық тәжірибелер және оның нәтижесі
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Кіріспе
«Еңбек - ер атандырады»-дейді халық. Елімізде миллиондардың еңбегі нәтижесінде жаңа қоғам құрылуда. Тәрбиенің әр саласында еңбек тәрбиесі қашан да шешуші рөл атқарады. Оқушылардың еңбекке қатысы жөнінде мәселені педагогтар да, психологтар да талмай зерттеуде.
Жеке адамның белсенділігі, оның инициативалық мәні мен айқындалу жолдары, белсенділіктің қалыптасу заңдылықтарын табу, творчествалық қабілеттілік пен таланттың даму факторлары ежелден-ақ көптеген ұлы адамдардың, ғалымдардың назарын аударуда. Жалпы белсенділік, ерік және еңбек жайында философтар да, психологтар да, физиологтар да, әдебиет тарихы мен педагогиканы зерттеушілер де арнайы зерттеулер жүргізіп, құнды пікірлер ұсынды.
Ұлы ойшыл, философ Әл-Фараби тәрбиенің оның ішінде еңбек тәрбиесінің теориясы ғылымға негізделуі қажет деді. Ол ағарту - оқу мен тәрбие туралы, еңбек мәдениеті туралы ілім жасады. Еңбектің өзі өнер, еңбек тәрбиесі сол өнерден туындайды, әрбір адамды еңбекке баулиды, еңбек шеберлігіне үйретеді. Олардың еңбек ету дағдысын қалыптастырады деген болатын. Оның еңбек туралы бұл тұжырымдарын күні бүгінге дейін жалғастырып келе жатқан ғалымдар бар.
Ал ұлы гуманист Ибн Сина еңбекке, еңбек етуге, еңбек тәрбиесіне гуманистік, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзінің практикалық ісіне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: «Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға болады. Ол тек еңбектің тазалығы мен халықтығын талап етеді».
Ұлы ақын Науаидың дәлелдеуінше еңбек - қоғамдық дамудың жемісі. Ол қоғам өміріндегі, адам өміріндегі өзгерістерге байланысты дамиды. Еңбек тәрбиесі еңбектен туындайды, - деп үлкен көрегендік жасайды.
Кеңестік дәуір кезеңінде еңбекке тәрбиелеуді зерттеуге едәуір жұмыстар жүргізілгенмен,кеңес үкіметі тарағаннан кейінгі әлеуметтік, экономикалық және психологиялық өзгерістер мектеп оқушыларының психолгиялық ерекшеліктерін қайтадан зерттеуді талап етуде. Бұл мәселелер тақырыбымыздың көкейкестілігін анықтап, дипломдық жұмысым тақырыбын «Оқушыларды еңбекке психологиялық жағынан даярлап қалыптастыру» деп таңдауға негіз болды.
скачать программу для
скачивания музыки