Кластан тыс жұмыстар
[ скачать ]
МАЗМҰНЫ
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Кластан тыс жұмыстардың мақсаты мен міндеті, олардың маңызы
2. Сыныптан тыс жұмыстардың түрлері
3. Әртүрлі жастағы оқушылар мен кластан тыс жұмыстарды ұйымдастыру әдістері мен түрлері
4. Қызықты география
5. Географиялық ойындар.
ІІІ. Қорытынды.
ІУ. Қолданылған әдебиеттер.
К І Р І С П Е
Тәуелсіз мемлекетіміздің саяси – экономикалық әлеуметтік жағдайының ерекшеліктеріне қарай – бұл күнде халыққа білім беру саласы және оның әр буыны үлкен өзгерістерге ұшырайды.
Еліміздің тәуелсіздік алды. Соның арқасында халыққа білім саясатының бүгінгісі мен ертеңгісі жаңа көзқарас тұрғысынан талданды және оны реформалаудың құқықтық негізі қаланды. Атап айтқанда, ел Конститутциясынан бастау алған: «Білім туралы Заң», «Қазақстан Республикасы мектептерінің және осы мектептерден білім мазмұнының тұжырымдары» сияқты құжаттар дүниеге келді. Бүгінгі таңда жаңа білімді адамды қалыптастыру барысында мектептің қызметі күннен-күнге ұлғая түсуде. Сондай қызметтерінің бірі- сабақтар мен кластан тыс жұмыстар.
Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу процесі күрделі әрі көпқырлы процесс. Оқыту және кластан тыс жұмыстардың органикалық бірлігі мен тығыз байланысы осы процестің деңгейін көтеруде маңызды орындардың біріне ие болады.
Оқу тәрбие процесіндегі кластан тыс жұмыстардың маңызы үздіксіз жоғарлайды, себебі тәрбие жұмыстарының мақсаттары жүзеге асырушы осы кластан тыс жұмыстар. Кластан тыс жұмыстардың атқаратын қызметі сан қилы әрі күрделі. Атап өтсек:
- Табиғат пен қоғам арасындағы баайланысқа деген диалектика-материалистік көзқарастары қалыптасады.
- Теориялық білімдерін өмір көріністері мен ұштастыруына себепші бола алады.
- Оқушылардың мамандыққа байланысы қызығушылықтарын арттырады.
- Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы мектеп оқушылардың бойында адамгершілік және салауаттылық тұрмыс негіздерін қалыптастыруға, азаматтық дамытуға жұмылдырады.
- Пәнге байланысты тұрақты қызығушылықтары мен шығармашылық қабілеттерінің дамуын қамтамасыз етеді.
Оқушылардың сабақта алған білімдерін кеңейтіп тереңірек дамытуды география пән мұғалімі кластан тыс жұмыстарға өте көп көңіл бөледі. Сондықтанда кластан тыс жұмыстардың дәстүрлі және дәстүрсіз формаларын қалыптастырып, олардың мүмкіндіктерін одан әрі дамыту.
Оқушылармен сабақтан тыс жүргізілетін тәрбие жұмыстары сабақтан тыс немесе кластан тыс жұмыс деп аталады. Бұл мұғалім сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие жұмысын толықытра және тереңдете отырып, ең алдымен балалардың таланттары мен қабілеттерін неғұрлым толық ашудың, олардың бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын оятудың құралы ретінде қызмет атқарады, ол оқушылардың бос уақытын ұйымдастырудың және олардың адамгершілік мінез құлыққа жаттығуын ұйымдастырудың формасы болып табылады. Олардың адамгершілік мінез құлық тәжірибесін қалыптастырудың негізі ретінде қызмет атқарады. Оның оралымдылығы, мазмұнын түрлендіру және белгілі бір істерді орындау үшін балаларды әртүрлі орналастыру мүмкіндіктері оқушыларға жеке дара қатынас жасауға өте үлкен мүмкіндіктер ашады.
«Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту» тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – алған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде өмірдің өзгермелі жағдайларрында еркін бағдарлай алатын, білімі арқылы өз мүмкіндіктерін іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және адамгершілік тұрғыда өз бетінше дұрыс, жауапты шешім қабылдауға қабілетті тұлға қалыптастыру екендігі көрсетілген.
Әлемдік білім кеңістігіне ену жағдайында құндылық пен нәтиже білім сапасын көтерудің көкейтесті мәселесіне айналуда. Географиялық білімді жетілдірудің бірден-бір жолы сабақта берілген сапалы білім мен тәрбие және оның нәтижелері екені даусыз. Оқушылардың рухани санасын көтеруде қазақ зиялыларымен қатар әлемдік ойшылдың қалдырған ұлағатты ойларын да пайдалану керек.
Рекомендуем продвижение сайтов в Москве, Мажоров переулок 10/1 с гарантией.