ҚҰҚЫҚТЫҚ САНА
[ скачать ]
Құқықтық нақтылыкты, кұкықтық және құкык жүйесінің дамуына ыкпал ететін факторларды ерекше түрде тану құқыктық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құкықтық сана қоғамдык сананын нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген және тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсаттардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құкықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқыктық сананың мәні онын бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген зан нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасып белгілей отырып, құкықтық сана құқыктың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құкық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін.
Құкыктық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, коғамдық сананың баска нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалык санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашкы негіздерінін. бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары — ізгілік пен зұлымдык тұрғысынан, кұқыктык санамен катынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады.
Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құкык туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпакқа сол аркылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің казіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы соның арқасында болады. Мысалы, рим кұкығының Батыс Еуропа елдерінде қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құкықтык
Установка
таненбаум операционные системы книги.