Отбасылық құқықтық қатынастар
[ скачать ]
Отбасылық құқықтық қатынастар - құқық нормасымен реттелген отбасы мүшелері арасындағы қатынастар.Неке-отбасы заңдары:
некеге тұрудың, некені тоқтатудың және оны жарамсыз деп танудың шарты мен тәртібін белгілейді;
отбасы мүшелерінің: ерлі-зайыптылардың, ата-аналар мен балалардың (асырап алушылар мен асырап алынғандардың) арасындағы, ал неке-отбасы заңдарында көзделген жағдайларда және шектерде басқа туыстар мен өзге адамдардың арасындағы азаматтық құқықтар мен міндеттерді, мүліктік емес және мүліктік жеке қатынастарды реттейді;
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастырудың нысандары мен тәртібін айқындайды;
азаматтық хал актілерін тіркеу және заңдарда белгіленген тәртіппен ақылы қызмет көрсету тәртібін реттейді. Бұл мәселелер негізінен ҚР "Неке және отбасы туралы" (17 желтоқсан 1998 ж.) заңымен реттеледі.
Отбасылық қуқың қатынастарының субъектілері:
1. ерлі-зайыптылар;
2. балалар;
3. басқа отбасы мүшелері мен жақын туыстары;
4. заңмен белгіленген басқа да адамдар.