Мемлекеттік нысандар туралы ұғым
[ скачать ]
Мемлекеттік құрылыс қызметін қарауға кірісе отырып, ең алдымен оның мемлекет ішілік тағы бір компоненті (жоғарыда айтылған баскару нысанынан, сондай-ақ мемлекеттік-саяси режимнен басқа) болып табылатындығын айта кетейік. Осы ұғымды пайдаға асырудың мәнісі, ол мемлекеттің ішкі кұрылымын ондағы үлгілі мемлекеттік, аумақтық-мемлекеттік құрылулар мен әкімшілік бірліктің болуы тұрғысынан ашатындығында болып отыр. Орталык мемлекеттік билік пен жаңа ғана аталып өткен мемлекеттің барлық құрамдас бөліктерінің биліктері арасындағы ара қатынасты құрылыс нысанының маңызы орасан зор: оны қарамайынша орталықпен жергілікті органдардың қарым-қатынастар проблемасының шешілуінің демократиялық дәрежесі мен мемлекеттегі орнын объективті бағалау, аймақтық саясаттың ықпалдылығы мен тиімділігін анықтау, ал көпұлтты мемлекеттерде — әрбір ұлттың жағдайы мен мәртебесін анықтау, ұлтаралық қарым-қатынасты сипаттау киынға соғады.Егер бастапқы критерий етіп мемлекеттік құрылыс нысанын алатын болсақ, онда барлық мемлекеттер унитарлық (біртұтас) және федеративтік болып бөлінген болар еді. Олардың нақтылы құрылымдарына, мемлекеттік жүйенің түрлі «қабаттарының» арасындағы құзыреттерінің бөлінуіне, билікті жүзеге асыратын ұйымдық-құқықтык институттарға, сондай-ақ халыкты баскару ісіне тартудың нысандары мен әдістеріне келер болсақ, олардың арасындағы айырмашылық айтарлықтай.
Унитарлық (ипіtar — бірлік, біртұтас деген латын сөзінен шыққан) мемлекет бұл біртұтас, өзінің құрамында автономдық мемлекеттік құрылымдар жоқ, өз алдына дербестігі жоқ әкімшілік-аумақтық беліністерден тұратын мемлекеттер. Осыған карай жоғары билік органдары, басқару және сот бүкіл ел үшін біртұтас болып табылады. Бұл бүкіл елге қызмет көрсететін және жалпы мемлекеттік органдармен басқарылатын армияға да қатысты. Унитарлық мемлекетте бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтылық болады. Әкімшілік-аумақтық бөліністердің өкілдік, атқару және сот органдары унитарлық мемлекеттің жоғары органдарына