Қазақстан Республикасының ішкі функциялары
[ скачать ]
Кіріспе.
Тақырыптың өзектілігі: Мемлекеттің негізгі мақсаты – қоғам үшін, қоғамдағы адамдардың топтары үшін, қоғамның дамып өркендеуі үшін әртүрлі бағытта қызмет атқаруы тиіс. Қоғам өте күрделі құбылыс. Қоғамның негізгі тірегі - өндіріс. Өндірісті ұйымдастырып, дамыту үшін мемлекетте, адамның бірлестіктері де, жекелеген адамдар да қажетті іс - әрекет жасап отырады. Бұл салада мемлекет функцияларының қызметі әр түрлі. Мемлекет өз иелігіне қарайтын барлық функцияларды ( әлеуметтік, экологиялық, экономикалық) тікелей басқарып, олардың жұмысын реттеп отырады.
Мемлекет және құқық теориясы ғылымында мемлекет функциясы мәселесі ерекше орын алады. Функция (латын gunctio – орындау дегенді білдіреді) – заң ғылымында мемлекет пен құқық алдында тұрған мүдде – мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және әдіс – тәсілдерін анықтап, оларды іске асыруға біріктіреді.
Мемлекет функциясы мемлекет алғаш пайда болған кезден бастап, бірқатар қызметтерді (мысалы, жол салу, қорғаныстар салу) сауда мен қаржы айналымын, қоғамдық тәртіпті сақтау мен кейбір көптеген басқа да қызметтерді атқарып келеді.
Тіпті тарихи алғашқы әлі дамымаған құл иеленушілік қоғам мынадай негізгі функцияларды жүзеге асырған:
1. құлиеленушінің жеке меншігін тәуелсіз ету, бірақ халықтың кедей топтарын қорғау;
2. құлдардың қарсылығын басу;
3. басқа мемлекеттер мен халықтар арасында бейбіт әріптестік және сауда қатынасын орнату;
4. елді қорғау және басқа территорияларды жаулау;
Ежелгі кезде де мемлекет бірқатар маңызды функцияларды атқарып, мемлекеттің негізгі бағыттарын айқындап отырды. Бұдан 2 ғасыр бұрын өмір сүрген ағылшын экономисі Адам Смиттің тұжырымдауы бойынша « Табиғи еркіндік жүйесіне сәйкес, мемлекет аса маңызды да нақты және түсінікті 3 функцияны атқару керек деген. Олар:
1. Қоғамды күш көрсетуден және өзге тәуелсіз қоғамдық топтардың басып кіруінен қорғау;
2. Мүмкіндігіне қарай, қоғамның әр мүшесін әділетсіздіктен және сол қоғамның өзге мүшелерінің тарапынан езгіден сақтау;
3. Жекелеген адамдар мен шағын топтардың мүдделеріне қызмет етпейтін белгілі бір қоғамдық мекемелерді ұстау міндеттелігі.
Бұдан көріп отырғанымыздай, мемлекет функциясы мемлекеттің алғаш пайда болған кезінен бастап, қазіргі уақытқа дейін көптеген қызметтерді жүзеге асырып келе жатқанын көрсетеді.
Өйткені, халық өмірінің барлық саласы өздігінен реттелмейді, нарықтық экономика жағдайының өзінде жеке меншік, бәсекелестік, бірлесу бостандығы тағы басқалар болғанымен, мемлекет «түнгі қызметшінің» рөлін атқарып немесе «көрінбейтін қол» ретінде шектен тыс араласпай, тек