Программаны іске қосу тәсілдері. WINDOWS-ды баптау
[ скачать ]
Windows-ті іске қосу.
Windows-ті іске қосу процесі – қолданушының қатысуын қажет етпейтін тізбектелген операциялар жиынтығын құрайды. Оның жұмысы компьютерді іске қосқаннан-ақ басталады. Операциялық жүйенің қосылуының арнаулы схемасы бар:
Алғашында, компьютерді қосқанда тұрақты жадта орналасқан BIOS жүктеліп, дербес компьютердің құрылғыларын басқарудың тәсілдерін қарастырады. Кейін, компьютердің құрылғыларының дұрыс жұмыс істеуі үшін драйверлер қажет. Олар оперативті жадыға жүктеліп компьютер сөнгенге дейін сонда сақталады.
Операциялық жүйе құрылымының бірнеше файлдары бар: config.sys, autoexec.bat, win.ini, system.ini. Олардың арқасында жүктелу процесін басқарып
Графикалық қабықшаның жүктелгенінен кейін диалогтік терезе ашылып, пароль жазуынызды сұрайды. Бұның себебі мынада болуы мүмкін:
• Компьютер желіге қосылып тұр;
• Компьютерді бірнеше қолданушы қолданады, олардың әрқайсысында өзіндік ерекше интерфейсті қолданады;
Программаларды іске қосу және құжаттарды ашу.
Программаны іске қосу және құжаттарды ашу – қолданушының компьютерде ең көп жасайтын операциялары.
Программаларды іске қосуды түрлі әдістермен орындауға болады.
Ең қарапайым әдіс – программаларды Windows-тің Бас менюі арқылы қосу. Көптеген программалар жазылғаннан кейін Бас менюде немесе жұмыс үстелінде жарлықтар жасап кетеді. Бұл жарлықтармен де программаларды іске қосуға болады.
Кейде программаның жарлықтары Бас менюге автоматты түрде жазылмайды. Онда қолданушы программаны оның жұмыс каталогінен қосады.
Программаны іске қосу – бұл қосымшаның негізін құрайтын файлдардың оперативті жадыға жазылуы. Нәтижесінде тапсырмалар тақтасында программаны көрсететін батырма пайда болады және қосымшаның терезесі ашылады. Бірақ, терезе ашылмауы мүмкін, себебі, біріншіден, программа ешқашан терезе ашпайды, екіншіден, терезе оралған түрде ашылған. Құжатты ашу мына екі іс-әрекетті орындаумен орындалады:
Бұл құжатты өңдей алатын программаның іске қосылуы;
Құжаттың бұл программаға жүктелуі Загрузка
Нәтижесінде қосымша ағымды болады да құжат автоматты түрде ашылған терезенің ішінде орналасады.
Каталогтар. Каталог және файлдармен жұмыс.
Әрбір дербес компьютердің қолданушысына, қашан да болсын каталог немесе файлдармен жұмыс істеуіне уақыт келеді. Көп файлмен жұмысты ыңғайлы ету үшін каталогтар құрылады.