Компьютерлік вирустардан сақтану шаралары
[ скачать ]
МАЗМҰНЫ
Кіріспе..................................................................................................4.
І. Компьютерлік вирустарға жалпы сипаттама
1.1. Компьютерлік вирус...................................................................6.
1.2. Компьютерге вирустың ену мүмкіндіктері..........................9.
1.3. Бүлінген және вирус жұққан файлдар...............................11.
1.4. Компьютерлік вирустың түрлері және олардың жіктелуі...............15.
ІІ. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары
2.1. Компьютерлік вирустардан сақтану жолдары.....................17.
ІІІ. Антивирустық программаларға сипаттама
3.1. Жекелеген антивирустық программаларға қысқаша
сиптаттама..........................................................................................22.
3.2.AVP программасының мүмкіндіктері..................................25.
Қорытынды.......................................................................................30.
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................33.
КІРІСПЕ
Өзектілігі:
ХХІ ғасырдың бас кезіндегі адамзаттың даму процесі информациялық қоғамның қалыптасуымен ерекшеленеді, оның негізгі бағыты ақпарат және оны өңдеу ұғымымен анықталады.
Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа, яғни, қорға айналып ақпараттық технологияны қалыптастыру, яғни, мәлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.
Сондықтан біздің елімізде де осы мәселелерге көптеп көңіл бөлінуде, оның бір айғағы ретінде Қазақстан Республикасының «Ақпараттандыру туралы» заңының шыққанын айта кету жеткілікті шығар.
Сондықтан да біздер компьютерлермен жұмысты жасағанда, кез келген қарсы жасалып жатқан кедергілерге (вирустар) қарамай, ешқандай кедергісіз еліміздің дамуына үлес қосуымыз керек.
Соңғы кездегі жеке пайдаланылатын компьютерлердің өндірісте, бизнесте кеңінен қолданыла бастауы жалпы көпшілікке кәсіби информациялық технологияларды пайдалана, соның ішінде вирустармен күресе білудің аса қажеттігін көрсетті.
Мәселе: Қазіргі ақпараттық заманда компьютерді ақпаратпен жұмыс кезінде кездесетін компьютерлік вирустардың алдын алу мәселесі туындайды.
Мақсаты: Компьютерлік вирустар және олардың түрлерін, жіктелуін, компьютерлік вирустарға қарсы программалардың ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін игеруде қолданушыға көмек көрсету және нақты жұмыс істеуді үйрету.
Міндеттері:
1. Компьютерлік вирустарды теориялық тұрғыдан жіктеу.ндеттері:
2. Компьютерлік вирустарға қарсы программаларды жүйелеу.
3. Antiviral Toolkit Pro ( AVP ) программасына сипаттама беру.
Зерттеу нысаны: Компьютерлік вирустар және оларға қарсы программалар.
Зерттеу пәні: Информатика және компьютерлік технологиялар.
Болжам: Егер әр бір қолданушы берілген тақырыпты жан- жақты, терең меңгерсе, дербес компьютермен жұмыс кезінде қолайсыз жағдайларға кезікпес еді.
Ғылымға пайдасы: Вирустар және олармен күресудің, сақтанудың жолдары туралы, ену мүмкіндіктері, бүлінген файлдарды емдейтін құралдар туралы мағұлматтар беру.
Құрылымы: кіріспе, 3 бөлім, қорытындыдан тұрады. Соңында пайдаланылған әдебиеттер келтірілген.