Интернет
[ скачать ]
Мазмұны:1. Кіріспе __________________________________ 3
2. Желі арасындағы протокол ( ІР ) ____________ 4
3. Интернет-пен байланысу____________________ 7
4. WWW қызметі____________________________ 9
5. Телеконференция ( UseNet) _________________ 10
Телеконференция аттары _____________ 11
Орыс тіліндегі телеконференциялар ___ 12
Жұмысқа кіріспе____________________ 12
6. Электрондық почта________________________ 13
Хат аты ___________________________13
Хат денесі _________________________ 14
Ақысыз электрондық почта___________ 15
Почталық программалар_____________ 16
7. Домен аты қызметі (DNS)__________________17
Домендік жүйе құрылымы ___________18
8. Іздеу системалары _________________________ 19
Yandex ____________________________ 20
Aport______________________________ 21
Alts Vista___________________________ 21
8 . Әдебиеттер _______________________________ 23
Кіріспе.
Информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр. Олай болса, жалпы білім беретін орта мектептегі Информатиканы оқыту әдістемесіндегі “Компьютерлік телекоммуникация” тақырыбы курстың өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Енді дүние жүзілік байланысты қамтып отырған Internet желісінің мүмкіндіктеріне, қызметіне толығырақ тоқталайық. Internet деген не ? Ол әлемнің әрбір түкпіріндегі компьютерлер байланысы болып табылатын кең көлемді, тармақталған желі. Кейбір мәліметтер бойынша Internet жүздеген мемлекеттерді және 1,7 млн. байланыс компьютерлері қосылған 18 мың жеке желілерді біріктіреді, және де оның 35 млн қолданушылары бар. Егер 1985 жылы Internet 100-ге тарта желілерден тұрса , ал 1989 жылы оның саны 500-ге , 1990 жылы 2218 желіге артты. 1991 жылы АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының желілі ақпараттық ортасы, желілер санын 4 мыңға жуық деп бағалады. Ал одан кейін олардың саны 4 есеге артты. Дәл қазіргі уақытта желілерге қосылу санының өсуі айына 15%-ті құрайды. Компьютерлерді қолданушылардың көбі үйде де , жұмыста да Internet –ке қосылудың мүмкіндігін алғылары келеді. Мұның ең қарапайым шешімі- модем және телефон сымы арқылы байланыс компьютерлеріне жалғану.