Формулалар редакторы
[ скачать ]
Формулалар редакторы.
Word програмадағы формулалалар редакторының (Редактор формул-Equation Editor) көмегімен құжат текстіне математикалық формулалар мен символдарды орналастырға болады. Математикалық символдар мен шаблондар көптеген кең спектірлі мүмкіндіктерді береді. Формулалар редакторының көмегімен жазылатын обьектілерге интегралдар, матрицалар, бөлшектер, түбірлер, көпмүшеліктер, т.б. жатады және де олардың экран бетіндегі сырт бейнелері принтерден басып шығарылатын көшірмесімен бірдей болады. Формулаларды форматтау барысында қолданылатын әріптер мен олардың экран бетіндегі сырт бейнелері принтерден басып шығарылатын көшірмесімен бірдей болады. Формулаларды форматтау барысында қолданылатын әріптер мен олардың сызылымы принтер қабылдайтын шрифттерге байланысты өзгертілуі мүмкін.
Формулалар редакторын іске қосу
Word ортасынан формулалар редакторын іске қосу үшін, енгізу курсорын текстің формула енгізілетін жеріне орналастыру қажет және Енгізу обьект Microsoft Equation (Вставка Обьект Microsoft Equation) менюі арқылы командаларды орындау керек. Осыдан барып теңдеулер редакторының терезесі пайда болып, сол терезе арқылы қажетті формуланы енгізуге кірісеміз.
Егер енгізілетін обьектілер тізімінде формулалар редакторы жоқ болса, онда келесі әрекеттерді орындауға тура келеді:
- Microsoft word Folder бумасында орналасқан Word Commands деп аталатын ішкі буманы ашу,
- формулалар редакторын бейнелейтін суретті тышқанмен екі рет сырт еткізу,
- формулалар редакторы терезесін одан шықпай-ақ жабу,
- Word-тан формулалар редакторын шақыру.