Файлдарды архивтеу
[ скачать ]
Жоспар:
І.Кіріспе.
Файлдарды архивтеу туралы жалпы мәліметтер.
ІІ.Негізгі бөлім.
а) Ақпаратты сығу.
ә) Архивтік файл.
б) Архивтен алу.
ІІІ.Қорытынды.
Архивтеуші программалардың негізгі түрлері.
Ақпаратты қорғау құралдарының бірі-резервтік көшір-мелерді магниттік тасушыларда сақтау болып табылады, яғни файлдарды дискеттерге көшірудің дұрыс болатыны. Егер файл жадтың көп көлемін алып,дискетке сыймайтын болса не істеу керек?Мұндай жағдайларда ақпаратты бүлдірмей сығуға мүмкіндік беретін арнайы программалар қолданылады.Мұндай сығылған файлдарды тек дискетте сақтап қана қоймай,компьютерлік желілерде байланыс арналары арқылы жіберуге де болады.
Ақпаратты сығу-файлда жадтың сақтау көлемін кіші-рейтетің ақпаратты түрлендіру процесі.
Файлда ақпаратты сығу процесі деректерді архивтеу терминімен аталады.
Архивтеу файл алып тұратын кеңістік көлемін едәуір кішірейтуге мүмкіндік береді,оларды бір компьютерден басқа компьютерге ауыстыруды айтарлықтай жеңңілдетеді,
файлдарды дискілерге көшіру уақытын қысқартады, ақпа-ратқа бөгде адамдардың рұқсатсыз шығуын парольмен қорғайды және бұдан басқа файлдарды компьютерлік вирустардың бұзуынан жартылай қорғайды.
Архивтеу мәні әдеттегі файлдарды немесе қапшықтарды арнайы архивтік файлға ретпен қаттаудан және орналас-тырудан тұрады.