Есептеу техника құралдарының даму тарихы
[ скачать ]
Жоспар:
1.Кіріспе.
2.Негізгі бөлім.
а)Есептеуіш машиналардың түрлері.
ә)Есептеуіш машиналардың жалпы сипат-
тамалары.
3.Қорытынды.
Дербес компьютерлердің қандай модельдері әлемде жетекші орын алады.
Ғылыми-техникалық прогресс әр түрлі есептеу машиналарын құруға себепші болды.Олар өздерінің арнаулы және функционалдық мүмкіндіктеріне қарай үлкен ЭЕМ-дерге,мини-ЭЕМ-дерге,микро-ЭЕМ-дерге және дербес компьютерлерге (ДК) бөлінеді.
Үлкен ЭЕМ-дер-бұл өте қуатты компьютерлер,олар ірі мекемелерге,кәсіпорындарға немесе халық шаруашылы-ғының тұтастай салаларында жұмыс істеу үшін қолданы-
лады.Үлкен ЭЕМ-дерді пайдалану үшін көптеген қызметкерлері бар есптеу орталықтары құрылады.
Үлкен ЭЕМ-дер қызмет көрсетуі мен құрал-жабдық-тары құнының қымбаттығымен ерекшеленеді. Олар бір-неше міндеттерді қатар шешіп,бірнеше пайдаланушымен қатар жұмыс істей алады.
Мини ЭЕМ-дердің үлкен ЭЕМ-дерге қарағанда, өл-шемдері шағын және өнімділігі мен құны да төмен.Мини ЭЕМ-дер өндірістік процестерді басқаруда,ғылыми меке-мелерде,ғылыми жұмыстарды оқу ісімен үйлестіретін жоғарғы оқу орындарында қолданылады.Мини ЭЕМ-дердің жұмысын ұйымдастыру үшін де арнайы шағын есептеу орталығы қажет.
Микор-ЭЕМ-дердің өнімділігі үлкен ЭЕМ-дерге қара-ғанда төмен және олар негізінде деректер дайындау,программалық қамтамасыз етуін жетілдіру бойынша көмекші операциялар орындайды.Микро-ЭЕМ-дер үшін құрамында бірнеше адамы бар шағын лаборато-рия да жеткілікті.