Жер
[ скачать ]
Кіріспе
Жер саяси, экономикалық, әлеуметтік, өндірістік, экологиялық және т.б. саладағы барлық қоғамдық процестердің базисі ретінде құнға ие болады. Осы құнды объективті бағалау көп салалы экономиканың қалыпты жұмыс істеуі мен дамуының негізгі шарты болып табылады.
Әлемнің көптеген елдерінде жер құны мемлекет және жер учаскелері иелері мен жер пайдаланушылар арасындағы жер қатынастарын реттеудің негізгі механизмі болып айқындалады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы мен дамуы жағдайында жер учаскелерінің кадастрлық құны туралы дұрыс ақпарат алу үшін жер бағалаудың әдістері мен тәсілдерін жетілдіру қажеттілігі туып отыр.
Республиканың барлық аумағындағы жер учаскелерін бағалауда бірыңғай көзқарас пен оның нәтижесін салыстыруды қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылық алқаптардың кадастрлық құнын анықтау үшін төлемнің базалық ставкасын (нормативтік бағасын) жасақтау және оны Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекіту қажет.
Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге төленетін төлемдердің қазіргі кездегі базалық ставкалары мен жер учаскелерінің бағалау құнын анықтау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі №890 қаулысымен бекітілген.
Төлемдердің базалақ ставкаларын тәжірибеде қолдануды талдау барысында келесі себептерге байланысты ауыл шаруашылық алқаптарды бағалау нормативтерін анықтаудың әдістемесін өзгерту қажеттілігі анықталды:
- есептеулерде барлық топырақ типтері үшін, соның ішінде аз өнімді типтеріне ауыл шаруашылық өндірісін жүргізу рентабельділігінің бірыңғай 30 % құрайтын нормативтік деңгейі пайдаланылған;
- жер реформасының алғашқы жылдарында қолданылған және де ішкі нарықтағы сату бағасынан әлдеқайда артық болған ауыл шаруашылық өнімнің әлемдік бағалары пайдаланылған;
- ренталық табыс емес, өндірістік шығындарға тәуелсіз бекітілген рентабельділік көрсеткіші арқылы есептелген нормативті пайда алынған.
[1](Ауыл шаруашылық алқаптарының кадастрлық (бағалау) құнын анықтау үшін төлемдердің базалық ставкасын (нормативтік бағаны) есептеу әдістемесі – Астана қ., 2003 жыл).
Жер – өндірістің ерекше құралы. Оны өндірістің басқа құралдарынан, мысалы машиналардан айыратын төрт ерекшелігі бар.
1) Жер – табиғат өнімі, ол адам еңбегімен жасалмаған. Осыдан мынадай қорытынды жасауға болады: кез келген жер учаскелеріне, бірінші кезекте барлық халықтың тіршілік көзі – ауыл шаруашылық алқаптарына деген жеке меншік бірдей таралмаған. Тап осы ерекшелік кезінде жерді ұлттандыру идеясына негіз болған. Қазіргі кездің өзінде де ол мүмкін емес, адам сенгісіз