Валюта реферат
[ скачать ]
Жоспар:
1. Валюта нарықтарының ерекшеліктері
2. Валюта курсы және валютаны сатып алу паритетінің ерекшелігі
3. Валюта бағаларын құрастыру ерекшеліктері
4. Валюта курсының жүйесі
5. Валюта курстарын құрастыру әдістері
6. Валюта курсының динамикасы
7. Валюталық курстық саясат
8. Валюта курсын болжау
9. Қолданылған әдебиеттер тізімі
1. Валюта нарықтарының ерекшеліктері
Стандартты инфрақұрылымдағы қажеттілік валюта айналымын және құндылықтарын қамтамасыз ететін валюта нарығының пайда боуына әкеледі. Валюта нарығы өз алдына ерекше ұйымдасқан сұраныс пен ұсыныстың негізінде валюта құндылықтарына жеке меншіктің құқықтарына ауысудағы қарым-қатынастарды реттейтін механизмді көрсетеді. Бұл анықтама валюта нарығының үш негізгі ерекшелектерін көрсетеді, сондықтан да басқа тақырыптардан ерекшеленеді.
Бірінші - әр түрлі валюта операцияларының іске асырылуын қамтамасыз ететін ұйымдық механизмнің болуы. Қаржылық инфрақұрылымнан тұратын бұл механизм (банктер, биржалар, брокерлік компаниялар және т.б.) және нормативті актілерде тіркелген валюта нарығына қатысушылардың принциптері валюта операцияларының бүкіл құрылымын реттейді. Бұл ерекшелік валюта нарығын шетел валютасының айналымының заңсыз формаларын көрсетеді.