Салықтардың экономикалық мәні және олардың жалпы сипаттамасы
[ скачать ]
Кіріспе.
Мен, осы курстық жұмыста қаржы жүйесінің маңызды тақырыбының бірі «Салықтар және салық салудың теориялық негіздері» жөнінде қарастырдым. Онда салық мәселесі және салық салудың негізгі принциптері қаралған. Жалпы салық мәселесі жөнінде ғылыми көзқарастар ХVІІ-ХІХ ғасырларда пайда болған. Салық дегеніміз немене?-деген сұраққа келетін болсақ, экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз-ол тұрғындар, кәсіпорын мен ұйымдардан заңға негіделіп алынатын міндетті төлем жүйесі болып табылады. Салық салудың мақсаты кәсіпорынмен тұрғындар қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарту болмақ.
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында мемлекет аралық екі жақтан салық салудың мәселелері жиі кездеседі. Осы мәселе заңды және жеке тұлғалар мүдделерін алдымен қамтиды. Себебі олар табыстыөз елінің территориясында ғана емес, шет елденде табады. Шетел компниялары екі жақты салық салудан қорқақтайды. Сондықтан да шетел ивесторының мүлкін және табысын екі жақты салық салудан босату үшін Қазақстан Республикасы кейбір елдермен келісім жасаған. Осы келісім бойынша шетел инвесторлары босатылады немесе Қазақстан Республикасында тапқан табысынан кемітілген өсім бойынша салық төлейді. Курыстық жұмыста осы мәселелер төңірегінде де баяндалған.
Жалпы, осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар:
І. Салықтың экономикадағы мәні
ІІ. Салық түрлері
ІІІ. Қазақстан Республикасындағы салық салу жүйесі.
әрбір бөлімге қысқаша сипаттама беретін болсақ, І бөлімде- салықтың экономикадағы мәнін, механизмдерін түсіндірсе, ІІ бөлімінде-«жалпы мемлекеттік салықтарды» есептеу, төлеу, бюджетке түсу тәртібі, яғни салық салудың тәжірибесі көрсетілген. ІІІ бөлімінде- Қазақстан Республикасындағы салық салу жүйесі туралы қарастырылған. Сонымен салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құқығы мен міндеттері, олардың іс-тәжірибесі кеңінен айтылған.
Осы курстық жұмыстың мақсаты – салықтың экономикадағы мәнін, механизмдерін және салық салу принциптерін толық ашу, жалпы мемлекеттік салықтарға сипаттама беру. Қазақстан республикасындағы салық салу жүйесін және салық төлеушілер мен салық қызметі органдарының құықығы мен міндеттері жөнінде терең мағлұмат беру.