Нарық
[ скачать ]
Мазмұны
Кіріспе
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
1.2 Нарықтың қызметі және құрылымы
1.3 Нарықтың элементтері, қызмет ету принциптері
1.4 Нарықтың экономиканың субъектілері және инфрақұрылымы
1. Нарықтың әлеуметтік-экономикалық мазмұны
1.1 Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты
Экономикалық байланыстар өнімдерінің өндірушілерден тұтынушыларға қозғалысын қамтиды: бір жақтан, өндірушілер, басқа жақтан, тұтынушылар арасында көп түрлі айырбас жүріп отырады.
Осындай айырбас процестері қоғамдық еңбек бөлінісімен белгіленеді. Бұл бір жақтан, өндірушілерді ажыратады, еңбек әрекеттеріне сәйкес оларды бір-бірінен оңашаландырады. Екіншіден, олардың арасында тұрақты функционалдық қатынастар тудырады. Бірінші жағдай әр өндірушілердің шаруашылық жүргізуде экономикалық жекеленуіне, тәуелсіздігіне ұласады, сөйтіп нарық қатынастарының субъектерінің қалыптасуының экономикалық негізін құрайды. Екінші жағдай, тауарларды сатып алу - сату эквиваленттік негізде жүріп отыратын айырбастар процестеріне айналады. Нәтижесінде, жабайы өндірушінің нарық қатынастарының субъектіне айналуының экономикалық шарты материализацияланады, өндіріс тауарлық өндіріске айналады. Өндірушілер өнім өндіруді және оны өткізуді, шығындарды өтеуді, өндірісті кеңейтуді және жетілдіруді – барлығын өз еркімен дербес шешеді. Тауар-ақша қатынасы жағдайында айырбас процестері нарықтық қатынастар формасын алады.