Меншікті капиталдың есебі
[ скачать ]
Жоспар
I Кіріспе
Меншікті капитал
II Негізгі бөлім
а) Капитал туралы түсінік
ә) Жарғылық капиталдың есебі
б) Резервтік капиталдың есебі
в) Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян) есебі
III Қорытынды
Меншікті капиталдың есебі
Капитал туралы түсінік
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес кәсіпорындар өзінің кұрылуы барысында, яғни шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ие болуы тиіс. Осы жоғарыда аталған мүліктердің ақшалай өлшемге айналдырылғандағы жиынтығы үйымның меншікті капиталы болып саналады. Кәсіпорын алғашқы құрылған кезде оның капиталы Қазақстан Республикасы заңында қаралған мөлшерден кем болмауы тиіс және де ол сол ұйымның құрылтайшыларының, акционерлерінің ақшалай, заттай және басқадай түрде қоғамға қосқан үлестерінен құралады. Бұл сома, яғни кәсіпорынның капиталы осы ұйымның қызметі барысында тапқан таза табысы және басқа да кездерден, тегін түскен мүліктер мен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.
Жалпы кәсіпорынның есебІн жүргізу барысында жұмыс істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және оның құрамы мен қүрылымы бухгалтерлік баланстың актісінде көрсетілсе, ол капиталдың қаржыландыру көздері баланстың пассивінде көрсетіледі.
Кәсіпорын мүлкінің құрамы
¥йымның барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі (айналымнан тыс) активтер» және айналымдағы активтер» деп екіге бөледі.
Негізгі (айналымнан тыс) активтер негізгі қүралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық (ұзақ мерзімді) инвестициялардан, аяқталмаған қүрылыстан құралады. Жалпы
айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.