Меншік экономикалық категория ретінде
[ скачать ]
Меншік тарихын зерттеуде маңызды қадам өткен ғасырдың экономикалық ойымен жасалды. Идеолог Прудон (1809-1865) былай деген: «Меншік - бұл ұрлық». Мұндай анықтама тез арада сынға алындады, бірақ Прудонның сөзі бір жағынан дұрыс. Егер бір адамның белгілі бір мүлкі болса, екіншісі оны алу мүмкіндігінен айырылған. Сондықтан, меншік негізінде табиғаттық емес, қоғамдық қатынастар жатыр. Меншік мәңгі және кәдімгі құбылыс емес. Ол қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болды және әлеуметтік және тарихи құбылыс болып табылады. Меншік қорашаған ортамыздағы обьектілер және заттарды орынды түрде пайдалануға және сақтауға итермелейді.
Меншіктің әлеуметтік-экономикалық қатынастарын зерттегенде негізгі мәселе – қоғам қатынастарын қамтамасыздандыра алатын экономика құрастыру болады.
Меншіктің және әлеуметтік-экономикалық қатынастардың түрлі формаларымен әдістерінің жұмыс істеуінен туындайтын кейбір мәселелер тәжірибе жүзінде дұрыс зерттелмеген. Қазіргі уақытта бар ғылыми еңбектер мен жобалар бұл тақырыпты жалпы түрде қарастырады, қазіргі уақыттың шаруашылық және меншік қатынастарының экономикадағы даму деңгейінің талаптарына жауап бермейді.
Бұл курстық жұмыстың мақсаты «меншік» ұғымын кешенді түрде талдау болып табылады. Жұмыс жасау барысында оқулықтар тақырыптың теориялық жағын ашу, экономикалық газет-журналдар экономиа дамуындағы рөлін анықтау үшін қолданылды.
наклейки этикетки