Менеджменттің мәні методологиялық негіздері
[ скачать ]
Жоспар
Кіріспе
1. Менеджменттің мәні
2. Менеджменттің методологиялық негіздері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді. Тіпті білікті басқару саласының өзінде де менеджмен ұғымы түрліше түсіндіріледі.
Сонымен менеджменттің басты ұғымы – бұл басшылық.
«Менеджмент» ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялдық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менедждмент қабылддаған кез келген әрекет, кез келген шешім – бұл экономикалық сипаттағы шаралар.
Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.
Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс.
Менеджменттің міндетіне,басшылық етуіне жаңа рыноктарды игеруіне жұртшылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады.Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұтмыс істесе,онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес,басшыларын ауыстырады.Сонымен,менедж-
мент дегеніміз ұжым (коллектив)жұмысын ұйымдастыру.Кәсіпорын жұмысын ұйымдастырғанда,қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандыруды,олардың жұмысын жандандыруды,әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.