Лизингтің мәні және экономикадағы ролі
[ скачать ]
Кіріспе.
Елдің басты бөлімі болып халық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындар қаржысы болып табылады. Өндірісте барлық экономикалық қатынастар шоғырланған олардың негізінде ақшалай қатынастар, яғни, қаржылық, ақшалай, және т.б.
Қазақстан экономикасының дағдарыстан шығудың басты шарты болып халық шаруашылығының құрылымды қайта құрылуы болып табылады. Ал ол өз алдына инвестициялардың өуі мен олар тиімді пайдаланумен байланысты.
Қазақстан Республикасының Экономика Министрлігінің айтуынша, өндірістік тоқырауды шешуге қаржылық лизинг өмектеседі деп есептейді.
Бұл курстық жұмыста, Қазақстанның лизинг арқылы инвестицияны тарту тәжірибесіне талдау жасалынған.
Және де лизингтің мәні мен экономикалық маңызы, оның пайда болуы, лизингтік компаниялардың ұйымдастырылу модельдері және де отандық лизингтік қызмет көрсету саласындағы жағымды және жағымсыз жақтары мен бағыттары туралы жазылған.
Бұл тақырыпты таңдаған себебім, 1-шіден, Қазақстан Республикасының лизингтік қызмет көрсету нарығы жас және толық игерілмеген. 2-шіден, менің ойымша Қазақстан экономикасының осал жерлеріне керекті инвестиция көлемі нақты түрде бара алады.
Зерттеу мақсатым - Қазақстан Республикасындағы лизингтік қызметтің бағыттарын анықтау.
Зерттеу пәні-
1. Лизингтің теориялық негіздерін зерттеу.
2. Лизингтік қатынастардағы әлемдік тәжірибені зерттеу.
3. Қазақстандағы лизингтің даму жолдарын айқындап, әлемдік тәжірибені қолдану.
Курстық жұмыста таблицалар мен диаграммалар келтірілген.