Әлеуметтік – экономикалық статистика
[ скачать ]
Мазмұны
Кіріспе
1. Әлеуметтік – экономикалық статистиканың мазмұны мен мақсаты
2. Әлеуметтік-экономикалық статистиканың міндеті мен әдістері
3. Әлеуметтік статистиканың көрсеткіш түрлері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Статистика – бұл жан-жақты да күрделі қоғамдық ғылым. Оның өзі бірнеше бөлімдерге бөлінеді. Оған жататындар мыналар : статистиканың жалпы теориясы, ол статистиканың жалпы принциптері мен әдістерін қарастырады; әлеуметтік-экономикалық сатистика – мұнда халық шаруашылығы көрсеткіштеріннің жүйесін, оның құрылымы мен пропорциясын, қоғамдық ұдайы өндіріс салалары мен элементтердің өзара байланысын зерттейді; салалық статистикалар - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, байланыс, сауда, қаржы, еңбек, демография және т.б. болып бөлінеді. Соңғы кезде өмір салтын, әлеуметтік қарым-қатынастың әр алуан саласын сипаттайтын және оның көрсеткіштер жүйесін зерттейтін әлеуметтік статистика қалыптасты.