Кәсіпкерлік әрекеттің Қазақстанда даму ерекшеліктері
[ скачать ]
Кіріспе
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар екендігін республикамыздың тәуелсіздігінің он жыл ішінде атқарылған жұмыстар көз жеткізе дәлелдейді. Реформа қалыптасқан экономикалық қатынастарға елеулі өзгерістер енгізді және сайып келгенде әрбір еңбекшінің мүддесін қамтыды. Сондықтан бұған дейін ынта – ықыластың уақыт өткен сайын әлсіремейтіндігінің қайта арта түсетіндігін өмір көрсетіп отыр.
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Өйткені кәсіпорында ең білікті кадрлар жинақталады. Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі. Кәсіпкерліктерде өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес – жоспарлар әзірленеді, маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі – менеджмент іске асырылады.
Барлық шаруашылық қызметін емес, тек тәуекелмен, ынтамен, іскерлікпен, дербестікпен, жауапкершілікпен, нарықты зерттейтін, өнімді өндіруге, сатуға белсенді іс жүргізе алатын адамды кәсіпкер деп санауға болады.
Тікелей кәсіпорындарда өнім шығарылып жұмыстар атқарылады, қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру және таза табыс алу мақсатындағы игі қызметтер көрсетіледі. Кәсіпорын өз алдына шаруашылық етуші субъект болып табылады.
Курстық жұмыстың басты мақсаты. Кәсіпкерліктің нарықтық экономикадағы мәнін, рөлін анықтап, оның институционалдық тұрғыдан қарастырып, фирма теориясының негізгі мәселелеріне жалпы сипаттама беру болып табылады.