КР Ипотека
[ скачать ]
КІРІСПЕ
Қазіргі кезде ипотекалық банктер экономикада екі мағына береді, біріншісі, әлеуметтік институттар, олар ұзақ мерзімді жер несиесін қамтамасыз ету және қосымша құжаттардың эмитенті ретінде процент әкелетін капиталдың қорғаушы құралдары. Екіншіден, капитал салымы және несие делдалы. Жалпы ипотекалық банктер әртүлі коммуналдық, қоғамдық құрылымдарға қарыз береді. Бұл жағдайда қарыз ипотекамен қамтамасыз етілмейді, ол салықтан түскен қаржыдан қамтамасыз етіледі. Ипотекалық банк қызметтері негізінен бағала қағаздарға салым салу, кепіл ретінде бағалы қағаздарды алып қарыз беру және басқа қаржылық қызмет көрсету болып табылады.
Курстық жұмыста ипотекалық несиелендіру шарттары, құқылық қатынастары, несиелендіру жүйесі, механизмі мен тәртіптері келтірілген. Сондай-ақ оның дүниежүзілік тәжірибелеріндегі үлгілері бойынша талдау көрсетілген, оның біздің экономикамызға тиімді жақтары қарастырылған.
Соңғы жылдары экономикамызда ипотека деген сөз аз кездесіп жүрген жоқ. Жалпы ипотека деген сөз ең бірінші рет б.з.д. I-II ғасырда Рим қаласында, ал одан бұрын б.д.д. VII-VI ғасырларда Ежелгі Грецияда қолданыла бастады. Бұл қарызгердің кредиторға белгілі-бір жерді иелікке берумен және оған байланысты құрылыстарды қамтамасыз ету мақсатында пайдаланылды.
Мемлекеттің тұрақтылығы және даму көрсеткіші ретінде әлеуметтік тұлғаның деңгейі және өзінің баспанамен қамтамасыз етілуі маңызды фактор болып табылады.
Әлемдегі әрбір дамушы мемелекеттің ипотекалық несиелендіру жүйесі әлеуметтік тұлғаның нақты табысын көздей отырып оны тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан республикасында ипотекалық несиелендіру бастамасы ҚР Президентінің 1995 жылғы 23-желтоқсанда №2723 «Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы» заңдық күші бар Жарлығынан бастап қолға алынды. Бұл жарлық бойынша ипотека жылжымайтын мүлік кепіл ретінде анықталған және ұзақ мерзімге берілетін несие түрі болып саналады.
Алғашқы кезеңдері Қазақстанда тұрғын үй реформасының жалпы ипотекалық моделін құру өте бәсең жүрді, себебі тұрғын нарығының реформасы несие-қаржы механизмдермен қамтамасыз етілмеді. Көбінесе ипотекаға сұраныс Алматы және Астана қалаларында болды.
Қазақстанда ипотекалық несиелендірумен мемлекттің арнайы Қазақстандық ипотекалық компания және «Тұрғын үй құрылыс жинақ