Кедейшілік және оның өлшемі
[ скачать ]
Кіріспе.
Әлем жұртшылығын бүгінгі таңда кедейшілікті азайту мәселесі толғандырып отыр. Дүниежүзілік Банктің (ДБ) 2000-2001ж.ж. Ғалам дамуы туралы баяндамасына жүгінсек : "Асып-тасыған молшылық заманда тақыр кедейлік артып отыр. Жер шарында 6 млрд тұрғынның 2,8 млрды, демек тең жартсына жуығының бір күндік табысы АҚШ долларына жуық болса, 1,2 млрд адам, яғни ғалам тұрғындарының бестен бір бөлігінің күн көрісі тіпті 1 АҚШ долларына жетпейді".
Бір ғажабы, кедейлер мен қайыршылардың сары күннен күнге өсіп бара жатқанымен, жер жүзіндегі жалпы өмір сүру деңгейі жақсара түсуде. Дүниежүзілік байлық пен молшылықтың, сондай-ақ, халықаралық байланыстар мен техникалық мүмкіндіктер дамуының арқасында соңғы жылдары адамзаттың өмір сүру деңгейі күрт өскені белгілі. Алайда жер жүзінің әр қилы аймақтарында қайыршылы пен кедейшіліктің кең қанат жаюы әлем байлығының үлесі біркелкі жұмсалиайтындығын дәлелдеп отыр.
Сонымен, кедейшілік пен қайыршылық проблемасы әлем дамының ең күрделі әрі өзекті мәселелерінің бірі. Оның салдарынан балалар өлім-жетімі артып, өмір сүру ұзақтығы азайып, қатерлі инфекциялық аурулар мен сауатсыздықтың етек алатыны белгілі.
Мақсатым : Кедейшілікке қарсы күрес жүргізу – мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі болып танылады. Қазақстанның әрбір аймағына кедейліктің өзіндік деңгейі мен сипаты тән. Сондықтан кедейшілікке қарсы күрестің аймақтық бағдарламаларын дайндағн дұрыс болар еді. Әр аймақтың бағдарламасын жасағанда, оған кіретін барлық аудандарды жеке-жеке зерттеу керек. Оның үстіне ең ауыр әлеуметтік жағдайға тап болған аймақтар мен аудандарды бөліп көрсету керек. Кедейшілікке бөлінетін қарыжатты ең алдымен осы аймақтар мен аудандарға жұмсау керек.
Магазин света:
магазин свет люстры , по низким ценам.