Кедейшілік және оның белгілері
[ скачать ]
Кіріспе
Бұл курстық жұмыстың тақырыбы «Кедейшілік және оның белгілері.Қазақстандағы кедейшіліктің ерекшеліктері».
Курстық жұмыстың мақсаты – кедейшілік деңгейін төмендету,күнкөріс минимумынан төмен табыстағы тұрғын халықтың үлесін сан жағынан азайту және тақыр жоқшылық пен аштықты жою.
Курстық жұмыс негізінен 3 бөлімнен тұрады. І-ші бөлім «Кедейшілік және оның өлшемі» деп аталады, мұнда кедейшілік түсінігі мен мәні,экономикалық теңсіздік пен кедейшілік өлшемі туралы баяндалған.ІІ-ші бөлім «Қазақстандағы кедейшіліктің осы заманғы жағдайы»деп аталады,бұл бөлімде Қазақстандағы кедейшілікпен сабақтас жағдайға әлеуметтік-экономикалық даму орнықтылығының дәрежесіне,төмен деңгейдегі табыстар мен қоғамдағы экономикалық жоғары теңсіздігіне,еңбек рыногының жай-күйіне,демографиялық және көші-қон үдерістеріне,әлеуметтік сектордың дағдарысына сипаттама берілген.ІІІ-ші бөлімнің атауы - «Қазақстандағы қала және ауыл кедейшілігінің ерекшеліктері».Мұнда негізінен қала мен ауыл кедейшілігінің салыстырмалы сипаттамасы,шағын қалалардағы дағдарыс,ауыл кедейшілігінің ахуалы жайлы баяндалған.
Кедейшілік дегеніміз-күрделі құбылыс,оның әлеуметтік-экономикалық және мәдени-психологиялық терең тамырлары бар.Кедейлік уақыт пен кеңістікке қарай салыстырмалы.Кедейлікке баға беру мен өлшеуді әр елдің дамуындағы тарихи жағдайлардыескеру арқылы жүргізу қажет.
Кедейлікті өлшеудің бірнеше тәсілдері бар,олар.абсолютті,салыстырмалы және субъективті тәсілдер.1997 жылдағы адам дамуы туралы Баяндамада БҰҰ даму Бағдарламасы кедейлікті адам дамуы көзқарасы тұрғысынан қарауды ұсынды.Осы контексте табыс деңгейі,күнкөріс минимумы және сатып алу қабілеті сияқты дәстүрлі көрсеткіштермен қатар адам дамуының көрсеткіштері (болжалды өмір ұзақтығы,жұмыссыздық) қолданылады.Адам дамуының көрсеткіштері мыңжылдық дамуының барлық Мақсаттары мен міндеттерін