Касіпкерлік мани жане уйымдастыру формалары
[ скачать ]
Жоспар
Кіріспе.............3
I. Кәсіпкерлік мәні және ұйымдастыру формалары
1.1.Кәсіпкерліктің экономикалық түсінігі........
1.2. Кәсіпкерліктің ұйымдастыру формалары..
II. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы
2.1. Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік жағдайы.............
2.2. Кәсіпкерлікті дамыту жолдары.
Қорытынды....
Қолданылған әдебиеттер ............
Кіріспе.
Бұл курстық жұмысымда «Кәсіпкерлікті ұйымдастырудың негізгі формалары» жайында толық мәлімет баяндалады. Курстық жұмыста негізінен кәсіпкерліктің мәні, кәсіпкерліктің экономикалық негізі, ұйымдастыру формалары және кәсіпкерліктің түрлері жайында терең мағлұмат беріледі.
Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшуіне байланысты барлық өндіріс салаларында кәсіпкерлік негізгі ұйымдастырушы күшке айналды. Кәсіпкерлік іс тек қана өндірісте емес, сонымен бірге коммерциялық ақпарат салаларында болмасын дамып, пайда табу үшін қызмет етеді. Бұл жұмысымдағы алып отырған негізгі мәселелердің бірі болып кәсіпкерлік саналады.