Иныестициялар есеби (реферат)
[ скачать ]
Жоспар: Кіріспе
1. Инвестицияның экономикалық мәні мен түрлері.
2. Инвестицияларды жоспарлау мен капитал салымдарын анализдеу
3. Инвестициялар есебін ұйымдастыру
4. Инвестициялар есебі.
Қорытынды
Өзінің дамуы барысында кез–келген кәсіпорын өзінің болашақ дамуына ақшалай қаражаттар салудағы балама мүмкіндіктері арасында шешім қабылдай білуі керек. Кәсіпорын бизнесінің дамуына қойылған мақсаттар арнайы бекітілген дамудың инвестиция бағдарламасымен бекітіледі. Бірақ, кәспорынның жобаларының инвестициялық бағдарламасын құрмастан бұрын, көрсетілген жобалардың кәсіпорынға қажет екендігіне көз жеткізуіміз керек. Инвестициялық жобалардың экономикалық тиімділігінің есебі жобаны немесе оның бөлімдерін жүзеге асыру туралы белгілі бір шешім қабылдауға негіз бола алады. Жоба өз құнын қайтармауы да мүмкін деп есептеледі. Бірақ, біз берілген жобаны жүргізуге шешім қабылдаймыз. Мысал ретінде кәспорын қызметкерлері үшін демалыс үйін салып беру немесе реконструкциялау. Жоба әлеуметтік қалпын алады, өзіне жұмсалған құнын ешқашан қайтармауы да мүмкін, бірақ кәсіпорынға бұл құрылыс өзінің әлеуметтік саясатын жүргізу үшін қажет болады. Ірі кәсіпорындарға келтірілген тағы бір мысал – өндірісті бу мен электр қуатымен қамтамасыз ету үішн жылу электр стансасын салу көзделген. Берілген жағдайда, жоба өндіріске электр қуатын үздіксіз жеткізіп отыру үшін арналады делік. Егер, жобаның кәсіпорынға ешқандай экономикалық әсерін тигізбейтіні белгілі болса, онда экономикалық тиімділік есебі емес, құрастыруға кеткен шығындардың смета есебі жүргізіледі. Оның мақсаты қаржыландыру көзі және жобаны қаржыландыру графиктері жайлы шешім қабылдау үшін жобаның шығындалатын бөлімін анықтау болып табылады.