Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны.
[ скачать ]
Кіріспе
Инфляция – бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналымына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс айналымы кезінде инфляция болмайды, неге десеңіз ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын – күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау қызметін толық атқара алмайды. Қор сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным, өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.
Батыс елдерінде 10 % - ке дейінгі баяу инфляция қауіпті деп саналмайды. Керісінше белгілі бір жағдайда баяу инфляция экономиканың дамуын жеделдететін фактор ретінде түсіндіріледі. Баға өскенде тұрғындар тауарды көбірек сатып алады, кейін ол одан да қымбатқа түсетінің біледі. Бұл, өз кезегінде, өндірушілерді ұсынысты арттыруға ынталандырады, нарық тауарға тез толады. Инфляция жағдайында әртүрлі салаларда баға бір қалыпты өспейді . Сондықтан инфляция экономикада қалыптасқан диспропорцияларды түзетуге және нарық – шаруашылығын сауықтыруға мүмкіндік береді. Баяу инфляция кезінде бағалар еңбекақыдан тезірек өседі. Бұл жағдайда өндіріс шығындары төмендеп, кәсіпкерлік дамиды.
Бірақ, 10 % тең асқанда инфляция қауіпті. Экономика әсіресе гиперинфляциякезінде тез күйрейді. Гиперинфляция жағдайында бағалар денгейі бірнеще процентке емес, бірнеше ретке өседі, ақша тез құнсызданады, өндіріске инвестиция жасау тиімсіз болады. Сондықтан қаржы ресурстары айналым мерзімі қысқа
сауда сферасына ауысады. Сауданың пайдасына қоғамға тигізетін зияны көптеу, алып – сату ( спекуляция ) түрі тез дамиды. Спекулятивті бизнес ұсыныстың, өндірістің - өсуіне ықпал жасамайды, керісінше, өндіріс тоқырауға ұшырайды.
Тоқырау мен инфляция қосылған соң нарықтың оңды әсерлері толық жойылып, нарық механизмі енді экономикаға