Инфляцияның мәні, мазмұны
[ скачать ]
Мазмұны
Кіріспе.................................3
I Бөлім. Инфляцияның мәні, негізгі мазмұны
1.1 Инфляцияның мәні және оны өлшеу...............................5
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері......................6
II Бөлім. Инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар
2.1 Инфляцияның түрлері............................9
2.2 Инфляцияны түсіндіретін балама концепциялар........................11
2.3 Филлипс қисығы ..............................13
III Бөлім. Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат
3.1 Қазақстандағы инфляциялық процесінің дамуы және ерекшеліктері..............................................17
3.2 Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары...........................18
3.3 Инфляцияға қарсы саясат ...................20
Қорытынды бөлім.................................................24
Пайдаланылатын әдебиеттер ..........................26
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның негізгі тақырыбы «Инфляция: мәні, себептері, формасы, салдары». Ол үш бөлімнен тұрады.
1 бөлімінде инфляцияның мәні, негізгі мазмұны жазылған.
2 бөлімінде инфляцияның түрлері және оны түсіндіретін балама концепциялар жазылған.
3 бөлімінде Қазақстан жағдайындағы инфляция ерекшеліктері, оған қарсы саясат жазылған.
Инфляция- бұл күрделі де көпфакторлы құбылыс; ол қағаз ақша айналы мына негізделген экономикаға тән және ұдайы өндіріс процесінің бұзылуымен сипатталады.
Инфляция ең алдымен тауар бағаларының өсуі және шетел валюталарының қымбаттауы ретінде көрінеді.
Алтын немесе күміс ақша айналымы кезінде инфляция болмайды. Неге десеніз, ақша ол кезде құндылықтың белгісі емес, нақты құндылықтың өзі болған; қажетті ақша көлемі алтын-күміс қорымен реттелген. Қағаз ақша айналымында жағдай басқаша қалыптасады. Мұнда қағаз ақша байлықтың тек белгісі ғана. Қағаз ақша қазына сақтау үшін адамдар ақшасына құнды заттар алуға ұмтылады. Қор ретінде қағаз ақша шектеулі көлемде ғана сақталады. Олардың көбі айналымға шығарылады, айналымдағы ақша көлемі қажеттіліктен тыс өседі. Артық ақша сұранымды арттырады. Артық сұраным өз кезегінде, бағаларға қатты ықпал жасап, оларды көтеріп жібереді.