Инфляция (2)
[ скачать ]
Мазмұны:Кіріспе .............4
I. Инфляцияның мәні, себептері және түрлері ...........6
1.1 Инфляцияның мәні және пайда болу себептері .6
1.2 Инфляцияның түрлері.8
II. Инфляцияның нарықтық экономикаға әсер ету ерекшеліктері..........11
2.1. Инфляцияның әлеуметтік- экономикалық
салдары..11
2.2. Ақша айналымын тұрақтандыруда қолданылатын
шаралар.15
2.3. Инфляцияның Қазақстандағы экономикасындағы көрінісі...........22
III. Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты........25
Қорытынды..31
Қолданған әдебиеттер.........33
КІРІСПЕ.
Қазіргі заманның алдында өз алдына байлық көзі ретінде қаржы, валюта көздері басты орын алады. Бұл жұмыстың басты тақырыбына келетін болсақ, яғни сол байлық көзі ретіндегі табыс мөлшері ақшаның ісінің нәтижесінен құралады. Бұл- ақшадағы инфляция мәселесі. Өзімнің кіріспе нұсқауымды бастар алдында, елбасымыздың «Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді даму стратегиясы»-ндағы жолдауын айта кеткен жөн. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың біздің Қазақстанымыздың жақсылап дамуына септігін тигізетін үлкен мәселелерді қозғайды. Әрине бұл мәселенің инфляцияға жол бермеу керек деген ой- пікірі қалыптасқан. Инфляция дегенді ел экономикасына қарсы індет деп атайды.
Еліміздің сан жылдар бойы, яғни тәуелсіздіктен кейінгі кездерде бұқаралық ақпарат құралдарынан шындықтары ашылуда. Сол кезеңде Ресейдің ақшасы құнсызданып, қымбатшылдық орнайды да, біздің елімізге үлкен әсерін тигізеді. Жалпы қарапайым тілде айтатын болсақ, инфляция ол тарихи тұрғыда сонау АҚШ еліндегі үлкен бір дағдарыс есебінен туды дейді. Осы инфляцияның болуына мына себептерді айтады, ол шектен тыс қаржы жұмсау, әрине, өндіріс секторын дамыту мақсатында, соғыс жағдайларында т.с.с.
Бұл курстық жұмыстың маңызы зор, ол- әрине тәуелсіздік алғанымыздан кейін Ресейдің Қазақстанға тигізген мемлекет экономикасы алдында және де біздің алдымызда. Бұлай айтар себебім, қазіргі нарық заманындағы үлкен бір мәселе болып табылады. Сол жылдардағы Н. Назарбаевтың жүргізген саясаты арқасында жеңе білдік, және де алдымызға мақсат қоя білдік.
Курстық жұмысты таңдаған мақсатым Қазақстан Республикасына және де өзге мемлекеттеріне қаржы мәселесінің қандай сипаты тиетінін жақсы танығым келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты- инфляцияның мәнін және әлеуметтік- экономикалық салдарын көрсету.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер орныдалуы керек:
• Инфляцияның мәнін ашып, пайда болу себептерін атап, түрлерін көрсету.
• Инфляцияның нарықтық экономикадағы әсер ету ерекшеліктерін атау және де Қазақсатандағы ерекшеліктерін көрсету.