Елдің төлем балансы
[ скачать ]
ЖоспарКіріспе
1 – тарау. Төлем балансының – халықаралық саудадағы орны
1.1. Төлем балансы түсінігі. Төлем балансы құрылымы
1.2 Сауда балансы және тауарлар мен қызметтер балансы
1.3 Ағымдық трансферттер
2 – тарау. Төлем балансын арттырудағы халықаралық сауда түсінігі
2.1 Мемлекеттің халықаралық саудадағы ролі
2.2 Халықаралық сауданы мемлекеттік реттеудің қажеттігі
2.3 Протекционизм: мәні және формалары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Мемлекеттің әлемдік нарықтағы жетістіктері мен жалпы әрекеттерінің айнасы ретінде төлем балансын қарастыруға болады. Шынында да төлем балансының ішіне елдің барлық жасаған қарым - қатынасының экономикалық жағы, яғни сандық мәні енеді.
Ал халықаралық валюта қорының анықтамасы бойынша оның құрамына - операциялар балансы мен капитал қозғалысының балансы жатады. Елдің барлық іс - әрекеттері мен сауд операциялары төлем балансында көрініс алады.
Елдің экспорттық операциялары (тауар экспорты, қызмет экспорты) елдің импортынан артық болған жағдайда төлем балансын актиіті, ал кем болған жағдайда пассивті сальдолы деп атаймыз.
Сол себепті бұл курстық жұмыстың мақсаты - төлем балансының мағынасын ашу, экономикалық теориядан макроэкономикалық талдауға жақындату болып табылады.