Еңбек ақының экономикалық мәні
[ скачать ]
Кіріспе
Экономикасы дамыған елдерде табыстардың қосындысында еңбек ақы көп үлес алады, яғни әртүрлі еңбектерге төленген еңбек ақы ретінде. Бұл жағдайды 2 үлкен макроэкономикалық көрсеткіштің 1) ұлттық табыстың, 2) тұрғындардың ақшалай табыстарының жалпы сомасын тапқан кезде еңбек ақының алатын үлес салмағынан көруге болады.
Батыстың экономикалық теориясына байланысты ұлттық табыстың құрамында өндіріске әсер етуші факторлардың ( еңбек, капитал, нарықтық қатынастар жағдайында өндірісті дұрыс басқара білу) нәтиежесімен болған ақшалай табыстың барлық көлемі көрсетілуі тиіс. Ұлттық табыстың құрамына экономикадағы бөлінген процестердің негізінде алынған табыстар яғни трансферттер кіргізілмейді. Трансферттердің ең маңыздысы болып әлеуметтік қамтамасыздандыру жағынан алынған түрлі зейнетақылар, жәрдемақылар, степендиялар және мемлекеттік құнды қағаздардан алынған пайыздар саналады. Ал басқа макроэкономикалық көрсеткіш тұрғындардың ақшалай табыстарының ұлттық табыстан айырмашылығы оның құрамына акционерлік қоғамның бөлінбеген пайдасын кіргізбейді ал кіргізілетіні әлеуметтік трансферттер мен мемлекеттік құнды қағаздар бойынша тұрғындарға төленетін пайыздық төлемдер .
Тақырыптың маңыздылығын ескере отырын еңбек және оған ақы төлеудің экономикалық мазмұнын экономикалық теориясы және бухгалтерлік есеп тұрғысынан талдау жасау өте маңызды да қызықты деп есептеймін.
Еңбек және оған ақы төлеу бухгалтерлік есептің ең қиын бөлімі болып табылады. Бұл бөлім өте нақты жедел есепті талап етіп шаруашылықта жұмыс жасайтын жұмысшылардың қозғалысын, өзгерістерін, жұмыс уақытының шығындалуын, жұмысшылардың категорияларын, өндірістік шығындарды дер уақытында есепке ала отырып, талдап отырады. Осы менің диплом жұмысы тақырыбымның маңызды екендігін түсіндіреді.