Депозиттік операцияларға талдау
[ скачать ]
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстаннның банк жүйесі тұрақты, әрі сенімді болып келеді. Тәуелсіздік алғаннан бері Ұлттық Банктың алдында тұрған негізгі мәселелер – қаржылық секторды тұрақтандыру, нормативтік-құқықтық базаны жақсарту, бухгалтерлік есеп жүйесін жақсарту, тиімді төлем жүйесін қалыптастыру және банктік қадағалауды күшейту. Елдегі банктердің негізгі мақсатына депозиттік саясаттың жүзеге асырылуын және деңгейін мысал негізінде көрсету, сонымен қатар қалыптасқан жағдайларды жақсарту жолдарын іздестіру және банктердің депозиттік қызметтерінің үлесін арттыру жолында жаңа идеяларды анықтау жатады. Банктік жүйеге деген халық сенімін арттыру қазіргі күнде де маңызды мәселе болып отыр. 2000 жылдың 16 ақпанынан бастап іске қосылған жеке тұлғалардың салымдарын сақтандыру жүйесі халықтың банктерге деген сенімін біршама арттырды. Алғашында бұл жүйе теңгедегі және шетел валютасындағы тек мерзімді салымдарға ғана қатысты қолданылатын, ал 2003 жылдың 13 сәуірінен бастап халықтың және кәсіпорындардың теңгемен салынған ағымдағы депозиттеріне қатысты қолданылатын болды. Осы депозиттерді сақтандыру жүйесінің міндеті және оның кемшіліктерінің жойылуы халықтың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етеді, олардың уақытша бос қаражаттарының банктерге орналастыруына ынталандырады. Нәтижесінде банктердің несиелік базасы артады, табыстылығы жоғарылайды. Бұл өз кезегінде нақты сектордың дамуына жағдай жасайды. Оның үстіне, банктік салымдардың мөлшеріне банктік жүйенің және банктік қаржылық инструменттердің даму деңгейі де үлкен ықпалын тигізеді. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып нарықтық экономика жағдайында қосымша ресурс тарту мүмкіндігі, банктердің қаржылық тұрақтылығы, олардың тартымдылығы, яғни қызмет көрсету деңгейі, клиенттеріне деген қарым – қатынастары және әр түрлі салымшылардың қажеттіліктерін қанағаттандыратын түрлі қаржылық инструменттердің болуы саналады. 2003 жылдың 31 қаңтарында Президенттің «Мемлекеттік басқаруды дамыту туралы» Жарлығы шықты. Осыған орай Қазақстан Республикасында 2004 жылдың 1 қаңтарында, төрағасы Б. Халишұлев болып тағайындалған «Қаржылық нарықты және қаржы ұйымдардың бақылау және қадағалау Агенттігі» ашылды; 2004 жылы 16 сәуірде Қазақстан Республикасында «Бюджеттік Кодекс» өмірге келді; 2003жылдың 16 мамырында Қазақстан Республикасының «Азаматтық Кодексі»; 2003 жылдың 10 шілдесінде «Банк және банк қызметі туралы» Заңы; 2003 жылдың 10 шілдесінде «Ұлттық банк туралы» Заңдарына көптеген өзгертулер енгізілді.
Жұмыстың өзі кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады: Кіріспеде курстық жұмыс мақсаты, мідеттемелері, өзектілігі көрсетілген; 1 Бөлім. «Банк және банк қызметінің экономикалық негіздері» - коммерциялық банктердің экономикалық негіздері және олардың кұрылу тәртібі, екінші деңгейдегі банктерде депозиттік саясатты қалыптастыруы және даму мәселелері; 2 Бөлімде «Депозиттік операцияларға талдау» - депозиттік операциялар түсінігі, маңызы және нарықта алатын орны, банкте депозиттік саясатты белгілеудің алғы шарттары, депозиттік операциялар және оларды