Бухгалтерлік есеп және аудиттің ұйымдастырулы
[ скачать ]
Жоспары
Кіріспе .3
1. Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі.
АҚ «Қазақстан Халық Банкіде» бухгалтерлік есеп пен аудиттің құрастырылу принципі....5
Аудит түсінігі және түрлері..8
2. Практикалық аспектіде есеп, талдау және аудит.
АҚ «Қазақстан Халық Банкінің» жарғылық капиталының есебі және талдауы.9
Тауарлы-материалдық қорлардың есебі, талдауы және аудиті...12
Негізгі құралдардың және материалдық емес активтердің есебі, талдауы және аудиті.........14
Ақша қаражаттарының есебі, талдауы және аудиті...16
Еңбекақы мен есептесудің есебі, талдауы және аудиті...18
Дебиторлық борыштардың есебі....19
Табыстар мен шығындардың есебі, талдауы және аудиті...19
Ұйымның қаржылық есептілігін таныстыратын маңызды принциптері....20
Қорытынды ........22
Қолданылған әдебиеттер ........24
Қосымшалар .......26
Кіріспе
Бухгалтерлік есепке тән негізгі принциптердің мәні мен маңызын түсінбей тұрып, ұйымдар қызметін басқару мен ұйымдастыру жөнінде шешім қабылдау мүмкін емес. Сондықтан, экономикалық тұрғыдан тиімді шешім қабылдау үшін, бухгалтерлік есеп шоттарын жүргізу мен бұларды өз орындарына қарай дұрыс қолдану, бастапқы құжаттар айналысын заңды түрде ұйымдастыру, есеп жүйесінде қолданылатын әдістемелерді сабақтастықпен пайдалану жолдарын және халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттағы талаптарын білген жөн.
Бухгалтерлік есепті реформалауда жасалған тұжырымдама міндетерінің бірі – ішкі ақпараттық жүйе арқылы кәсіпорынды басқаруды жетілдіру болып табылады. Тиімді басқару принциптері мен есепті ұйымдастырудың жаңа амал – тәсілдерінің негізі ретінде Қазақстанда іс-әрекет етушіге неғұрлым жақын еуропалық құрылым алынды.
Нарықтық экокномика ресурстың барлық материалдық, еңбек және қаржылық түрлерін ұтымды пайдалануды көздейді, олар кәсіпкерлік іс - әрекеттің күтілетін нәтижесін қамтамасыз етуі тиіс.
Еліміздегі шаруашылық ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп жүйесін сенімді жүргізу үшін жоғары дәрежеде даярланған кәсіби мамандар қажет. Нарықтық экономиканың талаптарына сай сапасы жағынан жақсы даярланған бухгалтерлерге деген сұраныс күннен күнге артып келеді.
Қаржылық сипаттағы тиімді экономикалық шешімдер қабылдау бухгалтерлік есеп жүйесінде жазылып тіркелген, жинақталған ақпараттар негізінде іске асырылатындығына сай міндет пен қызмет атқарушы қаржыгерлер мен бухгалтерлер тағы да басқа жауапты адамдар сапалы және саналы жасалған бухгалтерлік есеп жүйесіндегі көрсеткіштерді зерттеп зерделей білуі керек.
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты.
Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады.