Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығы
[ скачать ]
ІІІ Тарау. Батыс Қазақстан облысындағы еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыс пен қамту мәселелері.
3.1. Батыс Қазақстан облысының еңбек нарығындағы жағдайы.
Батыс Қазақстан облысының статистика басқармасының мәліметтері бойынша облысымыздағы еңбек нарығының жағдайы халықтың жұмыспен қамтылған бөлігінің өсуімен сипатталады, яғни 2006 жылдың 1 тоқсанындағы 301,1 мың адамнан 2007 жылдың 1тоқсанында 304,0 мың адамға дейін құрады немесе 2,9 мың адамға өсіп отыр. Жұмыссыздар саны 3439 мың адамды құрады,бұл 2006 жылғыдан 1,1 мың адамға немесе 3,7 %-ға төмен. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында экономикалық белсенді халық саны 318,6 мың адамды құрады. Облыс экономикасында 304,0 мың адам жұмыспен қамтылған. Халықтың жұмыспен қамтылған бөлігінде жалдамалы жұмысшылар саны 168,7 мың, өзін-өзі қамтушылар 120,3 мың адамды құрайды.
Халықтың өзін-өзі қамтушы бөлігі қазіргі еңбек нарығындағы бірден -бір ерекше сипатқа ие. Өткен жылдың 1 тоқсанымен салыстырғанда халықтың өзін-өзі қамтушы бөлігінің саны облысымызда 1,2 мың адамға өссе, жалпы жұмыспен қамтылған халық бөлігінде олардың үлесі 0,3 %-ға артып отыр. (41,3 тен 41,6%-ға дейін)