Батыс Қазақстан облысы тәуелсіздік жылдарында
[ скачать ]
ПОЛУЧИТЬ ПАРОЛЬ К АРХИВУ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Ауыл – қаймағы бұзылмаған қазақы дәстүр
мен ұлттық салт-санамыздың мөлдір бастауы, алтын бесігі.
Халық шаруашылығында ауыл шаруашылығы тарихи да күрделі орындардың біріне ие. Кезінде Қызыл армияны, империяны ауылшаруашылық өнімдерімен қамтамасыз етіп тұрған да ауыл тұрғындары болатын. Кеңестер Одағы таратылғаннан кейінгі уақыттарда дағдарыстың ащы азабын тартып, ең көп жапа шеккен де солар. Мемлекетіміз тәуелсіздікке қол жеткізгенмен, бұл мәселелер одан әрі ушыға түсті. Соңғы онжылдықтағы ауылшаруашылығы да біраз өзгерістерге толы болды. Өйткені, ол екі өзара сабақтас міндеттерді шешеді: бір жағынан, халықты азық-түлікпен, екінші жағынан өндіріс кәсіпорындарын ауыл шаруашылығы дақылдары шикізатымен қамтамасыз жасайды. Ауыл шаруашылығының қоғамдағы осындай маңызды ролі Қазақстан Республикасы тарихына тән жағдай болып саналады. Қазақстан Ресейдің отарлау саясаты кезінде де, кейінгі жиырмасыншы ғасырдағы кеңестік дәуірде де ауыл шаруашылығы дамыған аграрлы елдің бірінен саналды.
Әрине, республика жағдайындағы ауыл шаруашылығына қатынасты жетістіктер мен күрделі қарама-қайшылықтар, тежелу процестері Батыс Қазақстанның ауыл шаруашылығына да тән еді. Қазіргі Қазақстанның егемендік және тәуелсіздік жағдайына бұл ауыл шаруашылығының дамуына сәйкес, тарихи күрделі процестерді, қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени-рухани және әлеуметтік-демографиялық өзгерістерді шынайы тұрғыда зерделеу, оның оң және теріс ықпалдарын жан-жақты ашып көрсету, жас ұрпақты отансүйгіштікке, сол кезеңде еңбек еткен ата-бабалардың салт-дәстүрлері рухына тәрбиелеу мәселелерін зерттеу тарих ғылымының алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі саналады.
Тақырыптың зерттелуі : Ауыл шаруашылығы тарихын зерттеу күрделі де қиын міндеттердің қатарынан саналады. Бұл ауыл шаруашылығы саласында кезінде Кеңестер Одағында, Қазақстанда көптеген тарихшы-ғалымдар өздерінің іргелі еңбектерін жазып атсалысқан. Бұл тұрғыда тарих ғылымдарының
Для получения полной версии работы необходимо её скачать
Рефераты, курсовые работы, Республика Казахстан, РК скачать
html учебник скачать,
html css верстка, html верстка, очистка html