Банктік қызметтегі тәуекелдіктер
[ скачать ]
Мазмұны: Кіріспе.........3
1 Қазақстанның банк жүйесі.
1.1 Банк жүйесі. Ақша-несие саясатының түрлері, құралда-
ры, мақсаты.....4-6
1.2 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау.........7-9
1.3 Банк ісіндегі бәсеке.10-12
2. Банктік қызметтердің қалыптасуы
2.1 Банк қызметіндегі тәуекелдік..........13-15
2.2 Банктің басқару құрылымы16-18
2.3 Банктік қызметті бақылау мен қадағалау....19-21
3. Банк қызметінің бағыттары
3.1 Қазақстандағы Банктік жүйенің даму тарихы.......22-24
3.2 Банктерді жетілдіру және олардың әрі қарай
дамыту ......25-26
Қорытынды............27
Пайдаланылған әдебиеттер........28-29
Кіріспе:
Экономикалық әкімшіл-және әміршіл басқару жүйесі жағдайында, елдегі банк ісінің ұйымдастырылуында мемлекеттік монополия болды. Барлық кәсіпорындар, ұйымдар және мекемелер заңды түрде мемлекеттік банк мекемелерінде өздерінің ресурстарын міндетті түрде сақтауға тиісболды. Банкке кәсіпорындар мен мемлекеттердің ресурстары іс-жүзінде ақысыз алынды. Тек кооперативтік кәсіпорындарға ғана жартылай мөлшерде төленді . Осындай жағдайда жалпы мемлекеттік қарыз қор деген экономикалық түсінік қалыптасты. Жалпы мемлекеттік қарыз қор халық шаруашылығын несиелеу үшін банк жүйесі арқылы мемлекеттің ықпалымен жинақталған қаражаттар жиынтығын білдіреді. Демек ол банктердің ресурсы болып саналады. Ссудалық қорды орталықтан бөлу сипаты банк ресурстарының құрылымдарына тікелей әсер етті. Ол уақыттары да банк ресурстары меншікті және тартылған қаражаттарға бөлінген. Мұндағы меншікті қаражаттарға: жарғылық, резервтік, негізгі құралдар, аммортизациялық және банк ісін дамыту қорлар, ал, тартылған қаражаттарға: мемлекеттік бюджет қаражаты кәсіпорындардың, ұйымдардың есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттары және халықтың ақшалай жинақтары жатты. Осындай жағдайларда несиелік ресурстар нарығы қалыптасып, мемлекеттің қарыз қоры осы нарықтың бір бөлігін құрады.