Ақша реформасы
[ скачать ]
Жоспар:
Кіріспе
І Бөлім Ақша реформасының маңыздылығы
1.1.Ақша реформасын жүргізудің қажеттілігі мен маңызы..............................5
1.2. Ақша реформасының мазмұны.....................................................................7
ІІ Бөлім Қазақстандағы ақша реформалары
2.1 1947 жылғы ақша реформасы........................................................................11
2.2 Теңге бағамының айналысқа шығуы............................................................14
2.3 Қазақстан Республикасының 1993 жылғы ақша реформасы.....................18
2.4 Қазіргі кездегі теңгенің рөлі..........................................................................23
Қорытынды............................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі........................................................................28
Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болған. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден бір шарт және өнім болып табылады. Тауар – бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегңнің өнімі (зат), оны өндірушілердің белгілі қоғамдыққатынастарын тудыра отырып, таур формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды.
Ақшаның өмір сүруіндегі объективті қажеттілік ол тауар өндірісі және тауар айналысының болуына негізделеді. Кез келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар мен ақша бір бірінен бөлінбейді. Ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайды.
Алғашқы қағаз ақша 1260 жылдары Қытайда пайда болды. Капитализм кезінде қағаз ақшаның алғашқы партиясы 1690 жылы Англияның Солтүстік Америкадағы Массачусетс колониясында шығарылған болатын және ол алғашқыда солдаттарға жалақы төуге арналған. Россияда алғашқы қағаз ақшалар (ассигнация) 1767 жылы шығарыла бастады. Банк жүйесін реформалау және ақша банкнотасын өндіруге байланысты өзінің меншікті қуатын енгізуді, Қазақстандағы қолма – қол ақшамен байланысты жағдайды түбірімен өзгертті.