Қаржы механизми реферат
[ скачать ]
ЖоспарКіріспе
Қаржы механизмі
Негізгі бөлім
1. Қаржы механизмі ұғымын тұжырымдаған кездегі қаржы элементтерінің диалектикасы
2. Қаржы механизмінің тиімділігі
3. Қаржы механизмін қайта құрудың мақсаты
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Әрбір экономикалық категорияның өзінің өзгешелігі болады, тиісті қатынастарды білдірудің белгілі бір түрлері, нысандары мен әдістері арқылы көрінеді. Тап осы ұғымдар – қатынастарды іске асырудың түрлері, нысандары мен әдістері – экономикалық өмірде тиісті процестерді басқарудың тетіктері, механизмі ретінде болып келеді. Қаржы өзгеше бөлгіштік категория ретінде түрлі мақсатты ақша қорларын жасау және пайдалану арқылы жасалған өнімді бөлу және қайта бөлуге қатысады. Сондықтан осы процесте қолданылатын механизм – бұл ақшалай табыстар мен қорларды қалыптастырумен және пайдаланумен байланысты қаржы қатынастары көрінісінің түрлері, нысандары мен әдістері.
«Механизм» термині экономикалық ұғымда бір нәрсені іс – қимылға келтіретін, белгілі бір қызметке түрткі болатын құралды білдіреді. Бұл мағынада термин басқаруда қолданылады және оның мәні экономикалық, соның ішінде қаржы саясатының да міндеттерімен анықталатын басқарушы субъектінің басқарылатын объектіге ықпалының мазмұнымен байланысты.
Қаржы шаруашылық жүргізудің бүкіл жүйесімен және оның жоспарлау, болжау, экономикалық ынталандыру, ұйымдастыру және басқару сияқты құрамды бөліктерімен етене байланысты. Оның үстіне, қаржы қоғамдық қатынастар жүйесінің серпінін (динамикасын) анықтаушы неғұрлым жалпы ұғым ретіндегі әлеуметтік механизмнің ұқсас құрамды бөліктерімен де өзара іс - әрекет етеді.
гостиницы Санкт-Петербурга центр, номера от 2600р.