Қағаз ақшалар және оның ақша айналысы
[ скачать ]
Кіріспе
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілібір жағын мінездейді.Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі,айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар құнының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады.Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауарболыр өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі- ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құрылған құнды көрсетеді.
Ақша құн өлшемі қызметін идеалды, оймен ойлау арқылы орындайды. Яғни тауардың құнын өлшеу ақшаға айырбасталғанына дейін орындалады, сонымен құнның тауар формасынан ақша формасына айналуы үшін тауардың бағасын белгілесек жеткілікті.
Тауар бағасын өлшеу үшін қолма-қол ақшаның болуы қажет емес, себебі еңбек өнімін теңестіру ойша орындалады. Тауарларды ақшаның көмегімен өлшеуге болады, өйткені олар адам еңбегінің өнімі.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады.
Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар,кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиеті мен ерекшеленеді. Құн өлшеу қызметі жалпы эквивалент ретіндегі ақшаның тауарға деген қатынасын көрсетеді. Бірақ тауарлардың бағасын анықтау үшін баға масштабы қажет. Металл ақша айналысында (алтын,күміс,мыс) мемлекет заңды түрде баға мастабының тұрақты етіп ұсынады. Металдың салмақтық санын ақша бірлігіне бекітті. Алғаш рет монеталар соғыла бастағанда баға масштабы олардың салмақтық