Жалтыркөл қорықшасы малиметтер
[ скачать ]
ПОЛУЧИТЬ ПАРОЛЬ К АРХИВУ
Мемлекеттік Жалтыркөл қорықшасы 1967 жылы ұйымдастырылды. Оның ауданы 19,0 мың гектар, оның территориясына Жалтыркөл, он шақты кішкентай көлдер және Жаңақала ауданындағы Көшім өзенінің төменгі ағысының маныңдағы аймақтар кіреді. 1992 жылы республикалық маңызы бар көрнекті дәрежедегі статус берілді. Қорықша Балықты-Көшім бөлігіндегі көлді суармалы жерге орналасқан, шұңқырлы көлдер мен әр түрлі шөптермен көмкерілген ылғалды жерлер бос кеңістіктерді жауып тұрғандай. Қорықшаның мақсаты: аққу, жамбағай, құтан, тырна, тағы басқа құстарды қорғау және көбейту. Суда жүретін құстардың ішінде: қасқалдақ, сұқсыр, сұр үйрек, барылдауық үйрек, жалпақ тұмсық үйрек, сұр қаз сирек ұялайды. Қамысты қопаларда сұр және ақ құтан, саз құладыны, айқабақ ұялайды. Сирек формалардан бұйра бірқазан, жамбағай, ақ бас үйрек, ақ бас тырна, қылаң қарабас шағала, кейде қарабай ұялайды. Миграция кезінде қызыл жемсаулы қараша қаз, сұңқылдақ аққу, безгелдек, лашын, тағы басқа байқалады. Көлдің біркелкі терең иірімдері қамысты қопамен көмкерілген 200 метрге дейінгі ұзындықта, кей жерлері қоғалы болып келеді. Жағадан қашықтаған сайын тұзды, сортақты белдеулер, қара жусан, жекелеген жерлерде аң жусан аралас, бетегелі, ақ селеулі белдеу арқылы төмен қарай түсесіз. Жалтыркөлдің мезгіл-мезгіл кеуіп қалып отыратын таяз жерлері, көлдің шағын шұңқырлары мен жанама тармақтары жыңғылмен шектеседі, тіпті кей тұстары шоқ тоғайға ұқсайды.
Для получения полной версии работы необходимо её скачать
Рефераты, курсовые работы, Республика Казахстан, РК скачать
Детские письменные
столы moll сохранят вашему ребенку правильную осанку.