Озон
[ скачать ]
ХХ ғасыр аяғы ғылыми-техникалық прогресстің қуатты күрт дамуымен, социалды келіспеушіліктерінің өсуімен, демографиялық жарылыстың болуымен, қоршаған ортаның жағдайының нашарлауымен сипатталады. Шынына келгенде, біздің планета әлі ешқашан мұндай физикалық және саяси шамадан артық жүкті алып көрген емес. Адам баласы табиғаттан сондай үлкен пайда алып көрген жоқ.
Ғылыми-техникалық процестің дамуына байланысты XX ғасыр адамға түрлі игіліктер алып келді. Сонымен қатар, бұл жағдай жерде экологиялық апаттың туындауына себепші болды. Халықтың өсуі, пайдалы қазбаларды шексіз мөлшерде өндіру, зиянды қалдықтардың атмосфераны ластауы табиғатқа түбегейлі өзгерістер еңгізіп отыр. Бұл өзгерістердің бір бөлігі экологиялық кризис тудыратындай жоғарғы деңгейге жетті. Ластанудың көптеген мәселелрі әлі шешілмеген: атмосфера, су, топырақ ластанулары, күкірт жаңбыры, территорияның радиационды залалдануы, кейбір өсімдіктер және тірі организмдердің құрып кетуі, ормансыздану, шөл басу процестері.
Проблемалар адам мен табиғаттың арасындағы байланыстың балансінің бұзылуында тұр. Территорияға әсер ететін антропогенттік жүк бұл территорияның экологиялық мүмкіндіктерінен әлдеқайда жоғары болуымен сипатталады.